02.02.2026 08:16
Иммобиле «Париж» ойыншысы атанды
02.02.2026 08:16
Чиро Иммобиле «Париж» ойыншысы атанды

35 жастағы италиялық шабуылшы «Болоньядан» еркін агент ретінде келіп, 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ол жаңа клубында 36-нөмірде доп тебеді.
Иммобиле осы маусымда тоғыз матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
Ал 20 турдан кейін 21 ұпай жинаған «Париж» Франция Бірінші лигасында 14-орында келеді.