01.02.2026 21:16

«Манчестер Юнайтед» «Фулхэмді» тізе бүктірді

01.02.2026 21:16

Ағылшын Премьер-лигасының 24-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Фулхэмнен» басым түсті

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Матч барысында алғаш болып МЮ ойыншылары Матеус Кунья мен Каземиро мергендік танытты. Оған Рауль Хименес пен Кевин жауап қайтарды. Ал «қызыл сойқандарға» жеңіс әкелген голды 90+4-минутта Беньямин Шешко соқты.

Осылайша манкуниандықтар 41-ұпайын олжалап, турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.

Майкл Кэррик шәкірттері келесі турда 7 ақпан күні «Тоттенхэмді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram