01.02.2026 18:48
Джуд Беллингем жарақат алды
01.02.2026 18:48
Испания Ла Лигасының 22-туры аясында «Реал» өз алаңында «Райо Вальеканомен» кездесіп жатыр

Матч кезінде Мадрид клубының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем сол аяғының артқы бұлшық етін жарақаттап алып, 10-минутта алаңдағы орнын Браим Диасқа босатты.
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өтіп жатқан кездесуде дәл қазір үзіліс. Есеп әзірге 1:0. Жалғыз голды 15-минутта Винисиус Жуниор соқты. Live-кестеде «бланкос» 54 ұпаймен екінші орында келеді.