01.02.2026 15:14
«Ювентус» жаңа шабуылшымен толықты
01.02.2026 15:14
Жереми Бога «Ювентус» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Туриннің клубы 29 жастағы вингерді «Ниццадан» бес миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен маусым соңына дейін жалға алды. Ол дәл қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр екен.
Кот-д'Ивуар құрамасының өкілі осы маусымда 20 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.