01.02.2026 13:56
Лукман «Атлетикоға» ауысады
01.02.2026 13:56
Адемола Лукман «Атлетико» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мадридтің клубы оны «Аталантадан» 35 миллион еуроға сатып алады. Сондай-ақ бонус ретінде тағы бес миллион төлейді. Қос тарап ұзақмерзімді келісімшартқа қол қояды екен.
Одан бөлек оған «Фенербахче» де жақсы ұсыныс жасапты. Бірақ Лукманның өзі тек «Атлетикоға» ауысуды қалаған екен.
28 жастағы нигериялық шабуылшы осы маусымда 19 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.