01.02.2026 12:24
Лукман Ла Лига клубына ауысады
01.02.2026 12:24
«Аталанта» шабуылшысы Адемола Лукман мансабын «Атлетикода» жалғайды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша келісімге келді. Мадридтің клубы оны 40 миллион еуроға сатып алады. Трансфер бүгін ресми түрде хабарлануы тиіс.
Сондай-ақ оған «Фенербахче» де жақсы ұсыныс жасапты. Бірақ Лукманның өзі тек «Атлетикоға» ауысуды қалаған екен.
28 жастағы нигериялық шабуылшы осы маусымда 19 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.