01.02.2026 18:33

«Манчестер Сити» ойыншысы «Ноттингемге» ауысты

01.02.2026 18:33

Штефан Ортега «Манчестер Ситиден» «Ноттингем Форестке» ауысты

Қос тарап маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. 33 жастағы неміс қақпашысы жаңа клубында 27-нөмірмен ойнайтын болады.

Ортега «қалалықтардың» сапына 2022 жылы «Арминиядан» еркін агент ретінде келіп қосылған еді. Осы аралықта ол 56 матчта 51 гол өткізіп, 25 ойында қақпасына доп жібермеді.

Ал 23 турдан кейін 25 ұпай жинаған «Ноттингем Форест» Ағылшын Премьер-лигасында 17-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram