09.02.2026 00:05
«Интер» «Сассуолоны» аямады
09.02.2026 00:05
Италия А Сериясының 24-турында «Интер» сырт алаңда «Сассуолоны» 5:0 есебімен жеңді

Миланның клубында Ян Биссек, Маркус Тюрам, Лаутаро Мартинес, Мануэль Аканджи және Луис Энрике мергендік танытты.
Осылайша «нерадзурри» 58-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде көш басында қалды.
Кристиан Кивудың шәкірттері келесі турда 14 ақпан күні «Ювентусты» қабылдайды.