17.06.2026 20:47
«Интер» жаңа ойыншымен толықты
17.06.2026 20:47
Иван Проведель «Интер» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «нерадзурри» оны «Лациодан» үш миллион еуроға сатып алды және жақында 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
32 жастағы италиялық голкипер биыл аяқталған маусымда 29 матчта 30 гол өткізіп, 12 ойында қақпасына доп жібермеді. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында гол соққан бес қақпашының бірі.