22.12.2025 11:14

Исак ұзақ уақытқа қатардан шығуы мүмкін

22.12.2025 11:14

«Ливерпуль» шабуылшысы Александер Исак жарақат алды

26 жастағы швед Ағылшын Премьер-лигасының 17-туры аясында болған «Тоттенхэмге» (2:1) қарсы ойында сол аяғының төменгі тұсын зақымдап алған еді.

Осыған байланысты ол жақында медициналық тексерістен өтеді. Егер аяғының сынып кеткені анықталса, бірнеше айға қатардан шығуы мүмкін.

Айта кетейік, Исак «Ливерпульге» биыл «Ньюкаслдан» 145 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта 16 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram