22.12.2025 10:46

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы қатардан шықты

22.12.2025 10:46

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Кобби Майну жарақат алды

20 жастағы футболшы сенбі күнгі жаттығу кезінде балтыр бұлшық етін зақымдап алып, салдарынан «Астон Виллаға» (1:2) қарсы матчқа қатыспаған еді.

Осыған байланысты ол шамамен бір аптадай ем қабылдайды екен.

Майну осы маусымда 12 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram