22.12.2025 08:45

«Ювентус» «Интерден» ойыншы алмақ

22.12.2025 08:45

«Интер» жартылай қорғаушысы Давиде Фраттези «Ювентуске» ауысуы мүмкін

Sky Sports хабарлауынша, Туриннің клубы 26 жастағы Италия ойыншысы қаңтар айында қатарына қосып алмақ. Ал «Интер» оны 30 миллион еуроға бағалап отыр.

Сондай-ақ Давидеге «Рома», «Наполи» және АПЛ-дың бірқатар клубы қызығушылық танытуда.

Фраттези осы маусымда 14 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram