21.12.2025 23:22

«Бавария» «Хайденхаймды» тізе бүктірді

21.12.2025 23:22

Германия Бундеслигасының 15-турында «Бавария» сырт алаңда «Хайденхаймды» ойсырата жеңді

«Войт-Аренада» өткен кездесуде 0:4 есебі тіркелді. Мюнхен клубының сапында Йосип Станишич, Майкл Олисе, Луис Диас және Харри Кейн мергендік танытты.

Осылайша 41-ұпайына қол жеткізген Венсан Компани шәкірттері турнир кестесінде көш басындағы орнын нықтай түсті. Келесі турда команда 11 қаңтар күні «Вольфсбургті» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram