21.12.2025 23:40

«Манчестер Юнайтед» жеңіліп қалды

21.12.2025 23:40

Ағылшын Премьер-лигасының 17-турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Астон Виллаға» жол берді

Бирмингемде өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Морган Роджерс дубль жасаса, манкуниандықтардың жалғыз голын Матеус Кунья соқты.

Осылайша «Астон Вилла» 36-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Ал еншісінде 26 ұпайы бар «Манчестер Юнайтед» жетінші сатыға табан тіреді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram