22.12.2025 08:26

«Астон Вилла» ерекше нәтиже тіркеді

22.12.2025 08:26

«Астон Вилла» Ағылшын Премьер-лигасының 17-турында «Манчестер Юнайтедті» (2:1) тізе бүктірді

Осылайша Унаи Эмеридің командасы жеңіс сериясын 10 матчқа дейін ұзартты.

«Арыстандар» 1914 жылдан бері алғаш рет қатарынан он матчта жеңіске жетті. 111 жыл бұрын команда 11 матч бойы қарсылас шақ келтірмеген еді.

17 ойыннан кейін 36 ұпай жинаған Унаи Эмеридің шәкірттері Ағылшын Премьер-лигасында үшінші орында келеді. Келесі турда команда 27 желтоқсан күні «Челсиге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram