25.06.2026 13:08

Исмаэль Сайбари рекорд орнатты

25.06.2026 13:08

Марокко құрамасының жартылай қорғаушысы Исмаэль Сайбари рекорд орнатты

25 жастағы ойыншы Әлем чемпионаты топтық кезеңінің барлық үш ойынында гол соққан тарихтағы алғашқы африкалық ойыншы атанды. Ол биылғы мундиальда Гаити (4:2), Шотландия (1:0) және Бразилия (1:1) қақпасының торын тулатты.

Сондай-ақ ол 2010 жылдан бері бір жаһан додасында үш гол соққан бірінші африкалық футболшы болды. Ол кезде Гана форварды Асамоа Гьян ойқастаған.

Сайбари жақында «Бавария» ойыншысы атанады. Мюнхеннің клубы оны ПСВ-дан 55 миллион еуроға сатып алды. Ал келісімшарт 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram