09.02.2026 07:20
«Ювентус» «Лациомен» тең тарқасты
09.02.2026 07:20
Италия А Сериясының 24-турында «Ювентус» өз алаңында «Лациомен» тең түсті

Туринде өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Алғаш болып қонақтар сапында Педро мен Густав Исаксен гол соққан еді. Кейін оған Уэстон Маккени мен Пьер Калюлю жауап қайырды. Калюлю ойындағы соңғы голды 90+6-минутта қақпаға енгізді.
Осылайша 46-ұпайын олжалаған Туриннің клубы турнир кестесінде төртінші орында келеді.
Лучано Спаллеттидің шәкірттері келесі турда 14 ақпан күні «Интерге» қонаққа барады.