24.02.2026 14:36

«Ювентус» ойыншысы топ-клубқа ауысуы мүмкін

24.02.2026 14:36

«Ювентус» қорғаушысы Андреа Камбьязо клуб ауыстыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, сол қапталда ойнайтын 26 жастағы италиялық ойыншыға «Ливерпуль», «Реал» және «Манчестер Сити» қызығушылық танытып отыр.

Туриннің клубы онымен қош айтысқысы келмейді. Бірақ 60-70 миллион еуро көлемінде ұсыныс түссе сатып жіберуі мүмкін екен.

Камбьязо осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram