24.02.2026 11:09
Бензема жарақат алды
24.02.2026 11:09
«Әл-Хиләл» шабуылшысы Кәрім Бензема жарақат алды

38 жастағы француз форварды санының ішкі бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты бүгін, 24 ақпанда өтетін «Әл-Таавунға» қарсы матчқа қатыспауы мүмкін. Ол бүгін дәрігердің қаралымынан өтеді.
Бензема «Әл-Хиләлге» 2 ақпан күні «Әл-Иттихадтан» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол содан бері үш матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.