24.02.2026 10:25
Рубен Лофтус-Чикке ота жасалды
24.02.2026 10:25
«Милан» жартылай қорғаушысы Рубен Лофтус-Чиктің жағдайы белгілі болды

30 жастағы англиялық ойыншы «Парма» (0:1) қақпашысы Эдоардо Корвимен соқтығысып, бірнеше тісі мен жақ сүйегін сындырып алған еді.
Осыған байланысты оған кеше ота жасалып, сәтті өткен екен. Енді ол шамамен сегіз апта көлемінде командасына көмектесе алмайды.
Лофтус-Чик осы маусымда 27 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.