24.02.2026 09:21
«Манчестер Юнайтед» ойыншысы қатардан шықты
24.02.2026 09:21
«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Лисандро Мартинес жарақат алды

28 жастағы аргентиналық футболшы балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты кеше АПЛ 27-туры аясында өткен «Эвертонға» (0:1) қарсы ойынға қатыспады. Ол қатарға шамамен екі аптадан кейін оралады.
Мартинес осы маусымда 15 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.