01.03.2026 15:40

«Ювентус» жартылай қорғаушысымен келісімшартты ұзартады

01.03.2026 15:40

«Ювентус» жартылай қорғаушысы Мануэль Локателли клубта қалады

Tuttosport хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Жаңа шартқа сәйкес, Локателлидің жалақысы өсіп, жылына төрт миллион еуроға дейін барады екен.

28 жастағы италиялық ойыншы Туриннің клубына 2023 жылы «Сассуолодан» 36,4 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 36 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram