27.06.2026 12:01
Кабо-Верде тарихи нәтиже тіркеді
27.06.2026 12:01
Кабо-Верде Әлем чемпионатының үшінші турында Сауд Арабиясымен (0:0) тең ойнап, тарихында алғаш рет плей-оффқа жолдама алды

Осылайша Кабо-Верде Әлем чемпионатында топтан бірде-бір жеңіске жетпей шыққан ХХІ ғасырдағы алғашқы команда атанды.
Сондай-ақ олар мундиальдың плей-офф кезеңіне қатысатын халқы ең аз ел болады. Бұл мемлекетте шамамен 530 мың адам тұрады.
Кабо-Верде 1/16 финалда Аргентинамен кездеседі. Матч 4 шілде күні Майамиде өтеді және сағат 03:00-де басталады.