03.02.2026 17:15
Канте «Фенербахчеге» ауыспайды
03.02.2026 17:15
«Фенербахче» Н'Голо Канте мен Юссеф Эн-Несиридің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Нақтырақ айтсақ, Канте «Фенербахчеге» «Әл-Иттихадтан» келіп, тіпті медициналық тексерістен сәтті өткен екен. Ал Эн-Несири ат басын Сауд Арабиясына бұрмақ болған.
Алайда бәрі келісіліп қойғанымен, құжаттарды жіберу кезінде Түркияның клубы келеңсіздікке тап болыпты. Енді FIFA бұл трансферлердің жүзеге асуына жол бермей отыр.
Осыған байланысты Канте «Әл-Иттихадта», ал Эн-Несири «Фенербахчеде» қалды.