22.07.2026 21:31
Каземиро «Интер Майами» ойыншысы атанды
22.07.2026 21:31
Каземиро еркін агент ретінде «Интер Майамиге» ауысты

Қос тарап 2027 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ оны тағы екі маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.
34 жастағы Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы 2022 жылдан бері «Манчестер Юнайтедте» ойнап келді. Ол өткен маусымда 35 матчта тоғыз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.