11.10.2026 16:18
Кейн «Баварияда» қалады
11.10.2026 16:18
«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн клубта әлі біраз ойнайды

Bild хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2029 жылдың жазына дейін ұзартуға жақын. Сондай-ақ тағы бір маусымға созу мүмкіндігі болады екен. Кейнге және оның отбасына Мюнхен қатты ұнайды. Ал Харридің жалақысы өзгеріссіз 25 миллион еуро болып қалады.
Кейннен кейін «Бавария» Майкл Олисемен келісімшартты 2032 жылға дейін ұзарту үшін барын салып көрмек.
33 жастағы англиялық форвард «неміс мәшинесіне» 2023 жылы «Тоттенхэмнен» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда сегіз матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.