10.10.2026 23:42
«Барселона» сенімді жеңіске жетті
10.10.2026 23:42
Испания Ла Лигасының 8-турында «Барселона» өз алаңында «Хетафені» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Камп Ноуда» өткен кездесуде Энтони Гордон, Габриэль Жезус және Жюль Күнде гол соқты. Сондай-ақ Гордон матчтың үздік ойыншысы атанды.
Осылайша «блауграна» 24-ұпайын еншілеп, мінсіз көрсеткішпен турнир кестесінде көш бастап тұр.
Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі ойынын Чемпиондар лигасында өткізеді. Каталонияның ұжымы 13 қазан күні «Галатасарайға» қонаққа барады.