10.10.2026 16:48

Коул Палмер «Челсимен» келісімшартты ұзартты

10.10.2026 16:48

«Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер клубта қалды

Қос тарап 2034 жылдың 30 маусымына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұған дейінгісі 2033 жылға дейін есептелген еді.

Лондонның клубы Палмерді 2023 жылы «Манчестер Ситиден» 47 миллион еуроға сатып алған. 24 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда жеті матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram