09.10.2026 16:34

Рафинья қатардан шықты

09.10.2026 16:34

«Барселона» шабуылшысы Рафинья қатардан шықты

29 жастағы форвард Бразилия құрамасының сапында Аустралияға қарсы жолдастық кездесуде (4:2) сол аяғының бұлшық етін жарақаттап алған еді.

Осыған байланысты ол Ла Лигадағы «Хетафеге» (10 қазан) және Чемпиондар лигасындағы «Галатасарайға» (14 қазан) қарсы ойынға қатыспайды. Мұны бас бапкер Ханс-Дитер Флик растады.

«Блауграна» Рафиньяны 2022 жылы «Лидстен» 58 миллион еуроға сатып алған. Ол осы маусымда сегіз матчта 14 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram