16.12.2025 17:38

Кенан Йылдыз «Ювентуста» қалуы мүмкін

16.12.2025 17:38

«Ювентус» Йылдизге жылына 6 млн еуроға дейін жалақысы бар 5 жылдық келісімшарт дайындап жатыр

«Ювентус» жаңа жылға дейін вингер Кенан Йылдыздың өкілдерімен келіссөздердің жаңа кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.

Турин клубының басшылығы футболшының агенті – оның әкесі Энгин Йылдызбен келісімшартты ұзарту шарттарын талқылау үшін кездеседі деп күтілуде.

Журналист Николо Скираның мәліметінше, «Ювентус» 20 жастағы ойыншыға бес жылдық жаңа келісімшарт ұсынуға дайын. Келісімшартта маусымына 5 миллион еуро көлеміндегі таза жалақы және қосымша 1 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін бонустар қарастырылады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram