06.06.2026 14:13
Кьеза: Италияға оралғым келеді
06.06.2026 14:13
«Ливерпуль» вингері Федерико Кьеза болашағына қатысты пікір білдірді

«А Сериясына оралғым келеді. Күндердің бір күнінде тағы «Ювентусте» ойнауды армандаймын. Мен «Ювентусті» жақсы көремін, тіпті қаңтарда оралуға дайын болдым. Әңгіме «Ювентуске» келгенде мен ақша туралы сөз қозғаған емеспін және қозғамаймын да»,– деді Федерико.
Сондай-ақ ол қақпашы Алиссонның «Ливерпульде» қалатынын айтты.
28 жастағы италиялық ойыншы Мерсисайдтың клубына 2024 жылы «Ювентустен» 12 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 36 матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.