06.06.2026 10:48
Ямаль тарихи нәтиже тіркеді
06.06.2026 10:48
«Барселона» вингері Ламин Ямаль Ла Лиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы деп танылған еді

Осылайша ол бұл жүлдені иеленген алғашқы испаниялық ойыншы атанды.
2008/09 жылғы маусымнан бері табысталып келе марапатты жүлдені бұған дейін Лионель Месси (Аргентина) тоғыз рет, Кәрім Бензема (Франция) екі рет және Криштиану Роналду (Португалия), Антуан Гризманн (Франция), Ян Облак (Словения), Марк-Андре тер Штеген (Германия), Джуд Беллингем (Англия) мен Рафинья (Бразилия) бір-бірден жеңген.
Ямаль чемпионаттың биылғы маусымында 28 матчта 16 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.