06.06.2026 10:10
Леннарт Карл Әлем чемпионатына қатыспайды
06.06.2026 10:10
«Баварияда» ойнайтын Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Леннарт Карл Әлем чемпионатына қатыспайды

18 жастағы ойыншы Чикагодағы жаттығу кезінде сол аяғының бұлшық етін жыртып алыпты. Осыған байланысты мундиальда ойнамайды. Ал оның орнына «Лейпцигтен» Ассан Уэдраого шақырту алды.
«Неден бастарымды білмеймін, бірақ ең маңызды додаға қатыса алмайтыныма қатты өкінемін. Әлем чемпионатына бабымда бару үшін барымды салдым. Өкінішке қарай, болмайтын кезде жарақат алып қалдым. Командама сәттілік тілеймін және әрине, әр минутта тілеулес боламын. Мен мықты болып ораламын, сөз беремін. Қолдауларыңызға рақмет! Алға, Германия»,– деді Леннарт.
18 жастағы ойыншы биыл ғана «Баварияның» негізгі құрамына қосылған еді. Ол осы маусымда 40 матчта тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.