05.06.2026 22:48
Сафонов ПСЖ-ның үздік ойыншысы атанды
05.06.2026 22:48
Матвей Сафонов Le Parisien нұсқасы бойынша ПСЖ-ның мамырдағы үздік ойыншысы атанды

27 жастағы ресейлік голкипер өткен айда төрт матчқа қатысып, төрт гол өткізді және бір ойында қақпасына доп жібермеді.
Осылайша орта есеппен 10 ұпайдың 7,1-ін иеленіп, топ жарды. Екінші орынға Маркиньос (6,64) жайғасса, үздік үштікті Фабиан Руис (6,58) түйіндеді. Сондай-ақ алғашқы бестіктің қатарына Дезире Дуе (6,54) мен Хвича Кварацхелия (6,45) кірді.
Сафонов Париждің клубына 2024 жылы «Краснодардан» 20 миллион еуроға ауысып келген еді.