23.07.2026 22:31
Конференция лигасы: «Тобыл» «Паневежиспен» тең түсті
23.07.2026 22:31
Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» сырт алаңда Литваның «Паневежис» клубымен тең түсті

«Аукштайтия» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Бізден голды 84-минутта Неманья Цавнич соқты. Сондай-ақ команда капитаны Асхат Тағыберген 60-минутта пенальтиден мүлт кетті.
Қарымта кездесу тура бір аптадан кейін, 30 шілде күні Қостанайдағы «Орталық» стадионда өтеді.