10.11.2025 14:07
Кубо ат басын Англияға бұрды
10.11.2025 14:07
«Тоттенхэм» Такэфуса Кубоны қатарға қосуды жоспарлап отыр

Defensa Central басылымының хабарлауынша, «Тоттенхэм» қаңтар айында «Реал Сосьедадтың» вингері Такэфуса Кубоны өз сапына қосу үшін әрекет жасамақ.
Ағылшын клубы ойыншыға қызығушылық танытып қана қоймай, трансферді қысқы кезеңде жүзеге асыруға ниетті. Кубоның өзі де қарсы емес.
Кубо 2022 жылдан бері «Реал Сосьедад» сапында өнер көрсетіп келеді.