10.11.2025 13:33
«Тоттенхэм» Родригоға көз тікті
10.11.2025 13:33
Родриго Премьер-лигаға ауысуы мүмкін

«Реал» шабуылшысы Родриго биылғы маусымда көп ойын уақытына ие бола алмай жүр. Осыған байланысты футболшы Ағылшын Премьер-лигасында өз бағын сынауға ниетті.
Шетелдік SPORT басылымының мәліметінше, Родриго «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін. Ал «Реал» өз кезегінде «Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Венге қызығушылық танытқан. Бұл ойыншылар екі клуб арасындағы келіссөздердің бір бөлігіне айналуы мүмкін.
Родригоның негізгі мақсаты - алдағы әлем чемпионатына дейін тұрақты ойын тәжірибесін жинау.