10.11.2025 12:42

Италияның басты ойыншысы қатардан шықты

10.11.2025 12:42

Мойзе Кин Италия құрамасының қараша айындағы ойындарына қатыспайды

«Фиорентина» шабуылшысы Конференция лигасындағы «Майнцқа» (1:2) қарсы ойында балтыр сүйегін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты бас бапкер Дженнаро Гаттузо Киннің орнына «Болоньядан» Николо Камбьягиді шақырды.

Италия осы айда 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында екі матч өткізеді. Алдымен 14 қарашада Молдовияға қонаққа барса, араға үш күн салып, Норвегияны қабылдайды.

Алты ойыннан кейін 15 ұпай жинаған «скуадра адзурра» I тобында екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram