10.11.2025 11:05
Осимхен топ-клубқа ауысуы мүмкін
10.11.2025 11:05
«Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Fanatik мәліметінше, нигериялық футболшыны «Ливерпуль», «Барселона», «Челси», «Манчестер Юнайтед» және ПСЖ өз қатарынан көргісі келеді.
Аталған бес команда 26 жастағы ойыншы үшін алдағы қыста таласқа түспек.
Осимхен осы маусымда 12 ойынға қатысып, тоғыз мәрте мергендік танытты. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында алты голмен сұрмергендер көшін бастап тұр.