10.11.2025 10:28
Левандовски Неймарды басып озды
10.11.2025 10:28
Испания Ла Лигасының 12-турында «Барселона» сырт алаңда «Сельтаны» 4:2 есебімен жеңді

Аталған матчта Роберт Левандовски хет-трик жасап, өзінің «блаугранадағы» голдар санын 108-ге жеткізді.
Осылайша поляк шабуылшысы Неймарды (105 гол) басып озып, клубтың үздік сұрмергендері тізімінде қазіргі ПСЖ бапкері Луис Энрикемен 13-орынды бөлісті.
Бұл көрсеткіш бойынша Лионель Месси (672 гол) жеке-дара көш бастап тұр. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында Сесар Родригес (226), Луис Суарес (195), Ласло Кубала (193) және Самюель Это'о (130) бар.
Айта кетейік, Левандовски осы маусымда 12 ойынға қатысып, жеті гол соқты.