10.11.2025 09:56
«Аталантаның» жаңа бапкері белгілі болды
10.11.2025 09:56
«Аталанта» бас бапкері Иван Юрич қызметінен кететін болды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, оның орнын Раффаэле Палладино басады.
Юрич Бергамоның клубын өткен жазда тізгіндеген еді. Осы аралықта команда төрт рет жеңіске жетіп, сегіз мәрте тең ойнап, үш матчта қарсыласына жол берді.
Ал Палладино 31 мамырда «Фиорентинадағы» қызметінен кеткеннен кейін жұмыссыз жүр. 41 жастағы маман одан бөлек «Монцаны» баптаған.
Айта кетейік, 11 ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Аталанта» Италия чемпионатында 13-орында келеді. Кеше команда өз алаңында «Сассуолоға» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.