10.11.2025 09:29

Рандаль Коло-Муани қатардан шықты

10.11.2025 09:29

«Тоттенхэм» шабуылшысы Рандаль Коло-Муани жарақат алып қалды

26 жастағы ойыншы «Манчестер Юнайтедке» (2:2) қарсы ойында жақ сүйегін сындырып алған екен. Осыған байланысты шамамен 6-8 апта бойы командасына көмектесе алмайды.

Салдарынан Франция құрамасына Рандальдың орнына «Ланстан» Флориан Товен шақырту алды.

Коло-Муани осы маусымда сегіз матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram