10.11.2025 08:42

Рафинья мен Жоан Гарсия қатарға оралады

10.11.2025 08:42

«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик «Сельтамен» (4:2) ойыннан кейін жарақат алған шәкірттері жайлы сөз қозғады

— «Рафинья мен Жоан Гарсия келесі матчта оралады. Педри де дайын болуы мүмкін»,– деді 60 жастағы маман.

Осыған дейін Педри мен Рафинья бұлшық етін, ал Гарсия менискісін зақымдап алып, соңғы матчтарға қатыспады.

Айта кетейік, 12 ойыннан кейін 28 ұпай жинаған Каталонияның клубы Испания біріншілігінде екінші орында келеді. «Блауграна» келесі турда 22 қараша күні «Атлетикті» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram