10.11.2025 03:03

«Барселона» жеңіске жетті

10.11.2025 03:03

Испания Ла Лигасының 12-турында «Барселона» сырт алаңда «Сельтадан» басым түсті

Вигода өткен кездесу 2:4 есебімен аяқталды. Каталония клубында Роберт Левандовски хет-трик жасаса, Ламин Ямаль бір мәрте мергендік танытты. Ал алаң иелерінің сапында Серхио Каррейра мен Борха Иглесиас гол соқты.

Сондай-ақ матч соңында Френки де Йонг екінші рет сары қағазбен жазаланып, алаңнан қуылды.

Осылайша 28-ұпайын олжалаған «блауграна» турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Көш басында 31 ұпаймен Мадридтің «Реалы» тұр.

Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 22 қараша күні «Атлетикті» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram