10.11.2025 00:04
«Рома» сенімді жеңіске жетті
10.11.2025 00:04
Италия А Сериясының 11-турында «Рома» өз алаңында «Удинезеден» басым түсті

Римде өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. Алаң қожайындары сапында Лоренцо Пеллегрини пенальтиден гол соқты. Одан бөлек Зеки Челик қарсылас қақпасының торын тулатты.
Осылайша 24-ұпайын олжалаған «джаллоросси» турнир кестесінде көш бастады.
Джан Пьеро Гасперини шәкірттері келесі турда 23 қараша күні «Кремонезеге» қонаққа барады.