09.11.2025 23:24
«Манчестер Сити» «Ливерпульді» ойсырата жеңді
09.11.2025 23:24
Ағылшын Премьер-лигасының 11-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Ливерпульді» 3:0 есебімен жеңді

«Қалалықтар» сапында Эрлинг Холанд, Нико Гонсалес және Жереми Доку гол авторы атанды. Сондай-ақ 13-минутта Холанд пенальтиден мүлт кетті.
Осылайша 22-ұпайына қол жеткізген Манчестердің клубы турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Ал еншісінде 18 ұпайы бар «Ливерпуль» сегізінші сатыға табан тіреді.
Келесі турда Пен Гвардиола шәкірттері «Ньюкаслға» қонаққа барса, Арне Слоттың командасы «Ноттингем Форестті» қабылдайды.