09.11.2025 23:12

Нико Шлоттербек «Барселонаға» ауысуы мүмкін

09.11.2025 23:12

«Барселона» 40 млн еуроға жаңа қорғаушы алмақ

«Барселона» клубы «Боруссияның» орталық қорғаушысы Нико Шлоттербекке қызығушылық танытып отыр. Каталондықтар футболшыны сатып алу үшін шамамен 40 миллион еуро төлеуге дайын. Келісім қаңтардың басында жүзеге асуы мүмкін.

Команданың бас бапкері Ханси Флик жаңа қорғаушыны негізгі құрамға қосуды қажет деп санайды. Оның пікірінше, бұл қадам «Барселонаға» өз ойын жоспарын толық жүзеге асырып, жоғары деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік береді.

Нико Шлоттербек 2022 жылы «Боруссия Д» сапына «Фрайбург» командасынан ауысып келген еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram