09.11.2025 21:13

«Наполи» жеңіліп қалды

09.11.2025 21:13

Италия А Сериясының 11-турында «Наполи» түзде «Болоньяға» жол берді

Болоньяда өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Тейс Даллинга мен Джон Лукуми гол соқты.

Осылайша неаполитандықтар қатарынан үшінші ойында жеңіске жете алмады. Бұған дейін «Айнтрахт» (0:0) және «Комомен» (0:0) тең түскен еді.

11 матчтан кейін 22 ұпай жинаған Антонио Конте шәкірттері турнир кестесінде екінші орында келеді. Келесі турда команда 22 қараша күні «Аталантаны» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram