09.11.2025 16:13

«Реал» 250 миллионға трансфер жасамақ

09.11.2025 16:13

«Реал» жазғы трансфер кезеңінде екі ойыншыны қатарға қосуды жоспарлап отыр

Fichajes мәліметінше, Мадридтің ұжымы алдымен Родриго және Эдуардо Камавингамен қош айтысады. Одан кейін ПСЖ вингері Брэдли Барколя мен «Арсенал» жартылай қорғаушысы Деклан Райсты сатып алмақ. Клуб басшылығы бұл екеуінің трансферіне 250 миллион еуро бөледі екен.

Райс осы маусымда 17 матчта екі рет мергендік танытып, бес нәтижелі пас берді. Ал Барколя 15 кездесуде төрт гол мен үш ассисттің авторы атанды.

Айта кетейік, 11 ойыннан кейін 30 ұпай жинаған «бланкос» Испания біріншілігінде жеке-дара көш бастап тұр. Хаби Алонсо шәкірттері бүгін, 9 қараша 12-турда «Райо Вальеканоға» қонаққа барады. 20:15-те басталатын матчты Setanta Plus арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram