09.11.2025 15:14
«Эвертон» ойыншысына бес клуб «құда түсті»
09.11.2025 15:14
«Эвертон» шабуылшысы Илиман Ндиайе клуб ауыстыруы мүмкін

TEAMtalk мәліметінше, 25 жастағы футболшыны «Тоттенхэм», «Ньюкасл», «Милан», «Ювентус» және «Атлетико» өз қатарынан көргісі келеді.
Аталған бес команда сенегалдық ойыншы үшін қысқы трансфер кезеңінде таласқа түспек.
Ндиайе осы маусымда 11 матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.